Бүгін елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің Орталық кеңесінің кезектен тыс конференциясында ұйым атынан Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер ұсыну мәселесі талқыланды.
«Тұрақсыз геосаяси әрі экономикалық жағдай кезінде қоғамның бірлігі мен ынтымағы бірінші орынға шығады. Сондықтан, Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз етудегі, мемлекет дамуындағы ерекше рөлін ескере отырып, біз оны алдағы президент сайлауына кандидат ретінде ұсынамыз», – деп атап өтті бірлестік төрағасы Төлеубек Мұқашев.
Отырыс соңында қатысушылар алдағы 20 қарашада өтетін ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына Қ.К. Тоқаевтың кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.
Бірлестік мүшелері барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары екенін атап өткен жөн. Олардың жалпы саны 3276 адамды құрайды.
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024