Шымкентте жақын арада еліміздегі ең үлкен ипподромның құрылысының аяқталуы аясында алғаш рет баспасөз туры болып өтті.
Нысан Бозарық ауданындағы әсем жерде орналасқан және халықаралық ірі жарыстар мен ойын-сауық жарыстары үшін отандық басты орын болуға үміткер. Мұнда ұлттық спорт түрлері бойынша кездесулерді де, іріктеу олимпиада кезеңдерін де ұйымдастыруға болады.
Ипподром жобасына кіріктіріле салынған әкімшілік үй-жайлары бар төбесі жабылған 1500 орындықты трибуна, қысқы және жазғы ат қоралар, ветеринарлық блок, қосалқы үй-жайлар кіреді. Трибунаның жоғарғы қабатында ашық терраса болады.
Ойындар мен жарыстар үшін ашық бөлімде ұзындығы 2012 метр бәйге жолы, көкпар мен конкурға арналған алаң, аумақта кірме жолдар, 310 көлікке арналған кең тұрақ сияқты дамыған инфрақұрылым болады.
Құрылысты жүргізуші BI Group компаниясы нысанды сала бастағаннан бері жұмыс көлемін айтарлықтай ұлғайтты. Игеру алаңы 1,5 есеге, яғни 24 гектардан 39 гектарға дейін, бәйге шеңберінің ұзындығы 14 мыңнан 41 мың шаршы метрге дейін, ені 10 м-ден 20 м-ге дейін екі есеге кеңейтілді. Көкпар алқабы 16 мыңнан 18 мың шаршы метрге дейін ұлғайтылды. Жер жұмыстарының көлемі 550 000 м3-ге өсті, бұл – 27 000 жүкті өзі түсіретін көлік жұмыстарының көлемі.
Құрылыс салушы жобаға өз қаражаты есебінен құны 1 млрд. теңге болатын манеж құрылысын қосты. Ипподромның жалпы құрылысы компанияға 6 млрд. теңгеден астам шығын әкелді.
Баспасөз туры аясында құрылыс компаниясының өкілдері БАҚ өкілдерін құрылыстың салыну кезеңдерімен таныстырып, барлық сұраққа, соның ішінде көлік коммуникацияларын жүргізуге қатысты сауалдарға жауап берді.
Халықаралық барлық стандартқа сәйкес салынған Ипподром Шымкентте жаңа инвестициялар тарту мен бизнесті дамытатын орынға айналатын болады.
«Қазақстан үшін ат спорты дәстүрлі ойын түріне жатады, сондықтан оны одан әрі жетілдіре дамыту қажет. Ол үшін заманауи ипподром керектігі түсінікті. Мұнда келушілер уақыттарын тиімді өткізіп, ерекше әсер алатынына сенімдіміз. Сонымен қатар ипподром өңірде аталған спорт түрінің дамуына оң ықпал етеді», – деп атап өтті жоба жетекшісі Айдын Жакежанов.
Компания 2023 жылдың көктемінде Наурыз мерекесі аясында ипподромның ресми ашылуы туралы хабарлаған болатын.
BI Group компаниясының Шымкент нарығына 2019 жылы коммерциялық жобалармен шығып, әлеуметтік нысандарды іске асыруға кіріскенін естеріңізге сала кетейік.
Компания Шымкентте 2021 жылдың шілдесінде BI University корпоративтік университетінің филиалын ашты. Осы жылдың басында балалар мен ересектерді нейрореабилитациялау және кардиореабилитациялау үшін «Жұлдызай» корпоративтік қорының бесінші медициналық оңалту орталығы іске қосылды. Сонымен қатар Қор өңірде орталық аша отырып, реабилитология және ортопедия саласындағы шетелдік жетекші мамандар консультациялар мен операциялар жүргізетін тәлімгерлік бағдарламасын енгізе бастады. Компания жыл сайынғы BI Green экологиялық акциясы аясында қаланы көгалдандыруды жүзеге асырады. Жақында Асанбай Асқаровтың жүз жылдығына арналған BI Chess шахмат ойындары бойынша алғашқы қалалық рейтингтік турнир болып өтті. Сондай-ақ Шымкентте академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетімен құрылыс саласындағы білім беруді қолдау жөніндегі меморандумға алғаш рет қол қойылды.
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024