Қазақстанның Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан кандидат Нұрлан Әуесбаев тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды, деп жазды Zakon.kz.
Орталық сайлау комиссиясы Нұрлан Әуесбаевтың құжаттарын қабылдады. Құжаттар 2-3 күн бойы тексеріледі.
Оппозицияның президенттікке кандидатты ұсынғаны 1 қазанда белгілі болды. Одан кейін ЖСДП-ның кезектен тыс съезінде партия мүшелерінің алдағы сайлауға Нұрлан Әуесбаевтың кандидатурасын қолдағаны хабарланды.
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашаға белгіленген.
23 қыркүйекте Қазақстанда президенттікке кандидаттарды ұсыну басталды.
Сурет: Zakon.kz
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024