07-10-22 |
1170 рет қаралған
Шымкентте дәмханалардың бірінде атыс болды.
Шымкентте  дәмханалардың бірінде атыс болды

7 қазан сағат 04:30 шамасында Әл-Фараби АПБ-на қалалық ауруханаға оқ жарақатымен ер адам жеткізілгені туралы хабарлама келіп түскен.

Дерек ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі 99-бабы “Адам өлтіруге оқталу» бойынша СДТТБТ-не тіркелді.

«Тергеу барысында кафелердің бірінде белгісіз тұлғалар қарудан оқ атып, келушіні жарақаттап, оқиға орнынан бой тасалағаны анықталды. Жараланған ер азамат жансақтау бөлімінде», – делінген хабарламада.

Жедел-іздестіру шараларының барысында полицейлермен
ВАЗ-21014 автокөлігі анықталып, оның салонында екі қару табылды. Қазіргі уақытта күдіктілерді ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Іс қалалық прокуратура мен полиция департаменті бастығының жеке бақылауына алынды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.