– Ең жақын көршіміз ресейліктердің елімізге келіп жатқанынан жақсы хабардармыз. Геосаяси жағдайдың ушыққаны сонша, осындай келеңсіз жағдайға тап болып, көбісі отанынан кетуге мәжбүр болуда. Бұл жерде мыңдаған адамның көз жасы барын ескерген жөн. Әрине, қазіргі уақытта олар көмекке зәру екені даусыз. Мемлекетіміз қол ұшын созып-ақ жатыр.
Мүмкіндігінше жұмыспен қамти алатын болсақ, жағдайды жақсартуға септігі тисе, қамқорлық көрсете бергеннің артығы жоқ. Себебі келіп жатқан ресейліктердің ішінде өз саласының жетік мамандары болуы мүмкін. Мәселен, бірнеше айдан бері IT саласы бойынша талай білікті азаматтарына жағдай жасаудамыз. Көп ұзамай сол амалдың жақсы нәтижесін көруіміз де ғажап емес.
Кез келген мемлекет сайып келгенде өз мүддесін ойлайды, осы тұрғыдан қарағанда еліміз оларды тиімді пайдалануына болады. Өткен ғасырдың ауыртпалығын әлі де болса ұмыта қоймаған жұртпыз. Ресейліктердің талайы сол кезде де жерімізден пана тауып, жақсылық көрді. Өзге екен деп өзектен теппедік, өзіміздей еркін жүрді. Мұндай жақсылықтарды ұлттар ұмыта қоймайды. Осы бастан келешекті ойлайтын болсақ, бәрін алыстан болжаған абзал. Олардың мүддесін өз мүддемізге сай астастырып, көмек көрсетіп қана қоймай, өз қоғамымызға сіңістіріп алуға мүмкіндік бар. Сондықтан қазіргі кезеңде ресейліктерге аз да болса қамқорлық көрсетудің реті бар.
Ғарифолла Әнес, профессор
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024