14-11-18 |
1570 рет қаралған
Ұлыбритания мен ЕО Brexit келісімі жобасын мақұлдады.
Еуропа Одағы (ЕО) мен Ұлыбритания сарапшылары Brexit келіссөзінің жобасына келісті. Бұл туралы BBC Ұлыбритания үкіметіндегі дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады. Brexit бойынша келіссөз бірнеше айға созылған.

14 қараша күні үкіметтің арнайы отырысы болады. Жиында премьер-министр Тереза Мэй үкімет мүшелерінен құжат жобасын мақұлдауын сұрайды. Министрлер келісім мәтінімен танысып шыққан соң мэц олармен жеке-жеке кездеседі.

Дереккөз ақпаратына қарағанда, Лондон мен Брюссель ЕО құрамындағы Ирландия мен Біріккен корольдік құрамына кіретін Солтүстік Ирландия арасында берік шекара орнатуға жол бермейтін келісімді құптаған.  

Ирландия мен Солтүстік Ирландия азаматтары еркін жүріп, сауда-саттық еркін айналу үшін шекарадан өту оңай болғанын қалайды. Алайда, Лондон Солтүстік Ирландия мен Біріккен Корольдіктің басқа аймақтары арасындағы кеден шарттары өзгеше болғанын қолдамайды.

14 қарашада британ үкіметіне елдің ЕО-дан шығу шарттарын бекітуге берілген мерзім аяқталады. Егер кесімді мерзімде түпкілікті келісім жасалса, онда оны Еуропа парламенті мен Ұлыбритания парламенті мақұлдауы тиіс болады. Ұлыбритания ЕО құрамынан 2019 жылы 29 наурызда түпкілікті шығады деп жоспарланып отыр.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.