14-11-18 |
1920 рет қаралған
Ақтауда КВН тобы экс-мүшесінің өлімі бойынша сотта үкім шықты.
Ақтауда КВН құрама командасының бұрынғы мүшесі Данияр Әлімбаевтың қазасы бойынша істе айыпты үш адамға сот үкімі шықты. Жергілікті ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты А.Сыздықовты Дания Әлімбаевты өлтірді деп танып, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Бұл іс бойынша сотқа тартылған Ж.Төлегенов пен К.Шортанбаев «бұзақылық жасады» деген айыппен екі жылға сотталды. Сот сонымен қатар А.Сыздықовты марқұмның отбасына үш миллион теңге, өзге екі сотталушыны әрқайсысы 500 мың теңгеден моральдық шығын төлеуге міндеттеді.

Данияр Әлімбаевтың туыстары сот үкіміне келіспейтінін, апелляциялық шағым түсіріп, айыптыларға қатаң жаза талап ететінін мәлімдеді.

Сот үкімі 15 күннен кейін күшіне енеді. Оған дейін тараптардың үкімге апелляциялық шағым түсіруге құқығы бар.

Полицияның хабарлауынша, Данияр Әлімбаев шілденің 21-і түні ауыр жарақаттан ажал құшқан: санына тиген пышақ күре тамырын зақымдаған. Жергілікті Lada.kz сайтының хабаралуынша, марқұмның жанында болған серіктері шамамен түнгі сағат үш жарым кезінде Ақтаудағы бардың жанында төбелес болғанын, жанжалға араласпай шетте тұрған Әлімбаевтың пышақ жарақатын алғанын айтқан.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.