27-10-22 |
1150 рет қаралған
Павлодарда зауыттың бұрынғы басшылары сотталды.
Павлодарда зауыттың бұрынғы басшылары сотталды

Павлодар мұнай-химия зауытының бұрынғы басшыларына қатысты сот үкімі шықты. Қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланған олар мемлекетке 750 млн теңгеден аса шығын келтірген.

Нақтырақ айтқанда, осы жылдың ақпан айында аустсорсинг компаниялар арқылы зауыт өндіретін дизель отынын коммерциялық сауда айналымына жіберді деген күдікке ілінді.

Zakon.kz сайтының мәліметінше, тергеу барысында олар кінәларын толық мойындаған. Шығын өтелді. Сот кәсіпорынның экс-директорлары Шухрат Данбай мен Оспанбек Әлсейітовті 3 жыл 6 ай мерзімге, ал, Ержан Атақұловты ірі көлемде алаяқтық әрекет жасады деп танып 5 жыл шартты мерзімге бостандығын шектеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.