31-10-22 |
1130 рет қаралған
Нұрлан Әуесбаев: Перуашев пен Ертісбаев жылы орны үшін кез келген үкіметті мақтауға дайын.
Нұрлан Әуесбаев: Перуашев пен Ертісбаев жылы орны үшін кез келген үкіметті мақтауға дайын

Президенттіке үміткер ЖСДП кандидаты Нұрлан Әуесбаев Ақмол ауылының тұрғындарымен кездесу барысында Перуашев пен Ертісбаевты сынап тастады.

Оның айтуынша, билікте әлі де бұрынғы адамдар толып жүр және олар жылы орнынан айырылмас үшін бәріне дайын.

«Ештеңе өзгерген жоқ, бұрынғы Перуашев, бұрынғы Ертісбаев. Олар Назарбаевтың тұсында мақтайтын, бүгін Тоқаевты да мақтайды. Арғы күні басқа адам билікке келсе оны да мақтайды. Өйткені олардың биліктен кеткісі жоқ. Биліктен, «кормушкадан» ешкімнің кеткісі келмейді. Оны түзетудің бірақ жолы бар, ол парламенттік-президенттік жүйе. Әділ сайлаумен көп партиядан Парламент, Мәжіліске депутаттар келу керек. Парламент пен президенттік басқаруда тепе-теңдік сақталу керек. Сонда президент еш уақытта билікке жабысып қалмайды, – деді Н. Әуесбаев.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.