ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкеннің Ұлытау облысындағы штаб қызметкерлері үгіт-насихат науқанының соңына дейін өңірдегі барлық жұмыс ұжымдарымен кездесуді жоспарлап отыр. Қазіргі таңда бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Штаб қызметкерлері мен еріктілер кандидаттың үгіт парақшаларын таратып, сайлауалды тұғырнаманы түсіндіру шараларын жалғастыруда. Тиісінше штаб басшылығы да күн сайын кәсіпорындар мен қоса басқа да ұйымдардың кәсіподақтарымен кездесулер өткізіп жатыр.
Бүгінгі таңда штабта 10-ға жуық адам жұмыс істейді. Облыстың барлық қалаларындағы орталық көшелерде билбордтар мен плакаттар ілінген.
«Қазір біз үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бізде үлкен өнеркәсіптік кәсіпорындар шоғырланғандықтан, біз негізінен сол компания жұмысшыларымен кездесулер өткіземіз. Біздің міндетіміз – үгіт-насихат уақытының соңына дейін барлық ұжымдарға бару»- деп атап өтті, облыстық штаб басшысы Берік Жағыпаров.
Бүгінгі таңда Республика бойынша 14 облыста М.Қажыкеннің сайлауалды штабы ашылған. Басқа өңірлерде кандидаттың сенімді өкілдері жұмыс істейді. Айта кетейік ел бойынша барлығы 130-дан астам азамат сенімді өкіл екенін растайтын куәліктерін алған.
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024