Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен жекелеген мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысу мәселелері бойынша тиісті тексерулер жүргізілуде.
Мемлекеттік қызметшілер тарапынан бұзушылық анықталған жағдайларда нақты шаралар қолданылатын болады.
«Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде айқындалған.
Кодекске сәйкес мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде мемлекеттік биліктің беделіне және мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеттерге бармай, кез келген жағдайда әдеп нормаларын сақтап, бірінші кезекте елдің, мемлекеттің мүддесіне қызмет етуі тиіс.
Атап өту керек, Агенттікпен және әдеп жөніндегі уәкілдермен мемлекеттік қызметшілермен әдеп нормаларын сақтау бойынша профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде іске асырылады», – делінген ведомство хабарламасында.
Айта кетейік, мемлекеттік қызметкерлер 507 млн теңгесін құмар ойынға жұмсаған. Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы мәлімдеді.
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024