Қазір көне қорымдар орындарына су құбырлары тартылып үлгерген. Археологтар дабыл қағуда: мыңжылдық мұра жойылып қана қоймай, Жер кодексі де бұзылып жатыр.
Жыңғылды ауылындағы адам сүйегі 2019 жылы инженерлік желілерді жүргізу кезінде табылған. Құбырлар жаңа ғимараттарға бөлінген учаскелерге тартылып жатқан, деп хабарлады «Астана» телеарнасы.
Содан кейін шақырылған мамандар қорытынды жасады – қазба көне қорым арқылы өтеді: бұл біздің дәуіріміздің 4-5 ғасырларына жататын сегіз қорым, әрі қарай қазуға болмайды. Алайда үш жылдан кейін бұл «мүмкін емес» ұмытылған сияқты, дейді археолог Андрей Астафьев.
«Жыңғылды елді мекеніне келгенімізде мына шұғқырға топырақ толтырып тастаған. Оның үстіне бұл траншеяларға кәріз құдықтары орнатылғаны, яғни жұмыстың тоқтамағаны анық. Бұған мемлекеттік құрылымдар байыпты араласуы керек», – дейді Археолог Андрей Аставьев.
Облыстық мәдениет басқармасы Маңғыстау облысы әкімдігінің құрылыс басқармасына хат жолдағанын хабарлады. Жыңғылдыдағы жұмысты қадағалаған осы орган болатын. Заң бұзушылық туралы прокуратураға да хабарланды.
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024