03-11-22 |
1540 рет қаралған
Қарағанды облысында шахтада газ атылып, 5 адам қаза тапты.
Қарағанды облысында шахтада газ атылып, 5 адам қаза тапты

Қарағанды облысындағы шахтада газ атылып, бес адам қаза тапты, деп жазды Azattyq Ruhy.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлметінше, 3 қарашада таңғы сағат 3.00 шамасында Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы шахтада («Арселор Миттал Теміртау» АҚ) жарылыс болған.

«Газ бұрғылау ұңғымаларын бұрғылау кезінде кенеттен газ атқылап, 4 жұмысшы қаза тапты. Тағы бір жұмысшыны іздеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ төрт адам ауруханаға жатқызылды», – деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға орнынан 106 жұмысшы эвакуацияланған.

ТЖМ өкілінің айтуынша, апатты тергеп-тексеру үшін комиссия құрылуда, оның қорытындысы бойынша апаттың себептері мен мән-жайы анықталатын болады.

Кейін белгілі болғандай іздестіріліп жатқан бесінші адамның да қаза тапқаны анықталды.

«Ленин атындағы шахтада газдренаждық ұңғымаларды бұрғылау кезінде кенеттен газ таралған. Салдарынан шахтаның 5 қызметкері қаза тауып, 4 адам Шахтинск және Х.Мақажанов атындағы ауруханаға жатты», – дейді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.

Оқиға орнында облыс әкімі, қала басшысы және компания жетекшілері, «Көмір» ӘҚҚҚ авариялық-құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.