Казиноға миллиондап ақша ұтылған мемқызметшілердің қаражатты қайдан алғаны зерттеліп жатыр. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев Сенат кулуарында айтты, деп жазды ҚазАқпарат.
«Осымен үшінші апта болды, әлеуметтік желіде 305 мемлекеттік қызметшінің казиноға барып, 507 млн теңге шығындағаны туралы Алматы облыстық прокуратурасының қорытынды құжаты тарап жатыр. Бұл ақшаны аталған мемлекеттік қызметшілер қайдан алғанын Бас прокуратура тексере ме?», – деп сұрады БАҚ өкілі.
Бас прокурор орынбасарының мәліметі бойынша, қазір аталған тұлғалардың жұмыс орны әр факті бойныша тексеру жүргізіп жатыр.
«Бұған дейін де айтқан болатынмын. Осыған дейін әлеуметтік желіде ақпарат тараған еді. Әр факті бойынша қызметкерлері осы хатта фигурант болған мемлекеттік органдар тексеру жүргізіп жатыр. Оның ішінде сіз көтеріп отырған сұрақ та зерттеліп жатыр. Осы тексерулердің қорытындысы бойынша ең қатаң шаралар қабылданады», – деді Әсет Шындалиев.
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024