АҚШ Біріккен Штаб бастықтары басқармасының басшысы Марк Миллидің айтуынша, Украинадағы соғыста 100 мыңнан астам Ресей әскерінің көзі жойылған немесе жараланған. Сондай-ақ Украина әскерінің шығыны да осы шамада.
Нью-Йоркте өткен Экономикалық клуб барысында Милли сонымен қатар соғыс басталғалы Украинада 40 мыңдай бейбіт тұрғын қаза тапқанын жеткізді.
«Украинадағы соғыста 100 мыңнан астам Ресей әскерінің көзі жойылған немесе жараланған. Украина әскерінің шығыны да осы шамада. Бұл дегеніңіз өте үлкен маштабтағы адам қайғысы», – деді Марк Милли.
Айта кетсек, Ресей қорғаныс министрлігі адам шығынына қатысты соңғы мәліметті қыркүйекте берген, онда ресейлік әскердің шығыны 5 937 адам екені айтылды.
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024