11-11-22 |
1680 рет қаралған
Қазақстан мұнай экспортында Ресейді айналып өтуді бастап кетті.
Қазақстан мұнай экспортында Ресейді айналып өтуді бастап кетті

Қазақстан 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Баку – Тбилиси – Жейхан мұнайқұбыры арқылы 1,5 млн тонна мұнайды экспорттамақ. Сондай-ақ оның мұнай көлемін 6-6,5 млн тоннаға дейін арттыру мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов айтты.

Ол көрші елдердегі әріптестер тарапынан бұл мәселеде толық түсіністік пен қолдауға ие екенін, сондықтан олар Қазақстанға өздерінің транзиттік мүмкіндіктерін беруге және ынтымақтастыққа дайын деп сендірді.

Сонымен қатар ол Теңізшевройл цистерна-вагондар санын екі есе арттырып, Батуми мен Өзбекстан бағытында темір жолмен тасуды бастап кеткенін жеткізді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.