20-11-22 |
1150 рет қаралған
Президент сайлауынан кейін Үкімет отставкаға кете ме?.
Президент сайлауынан кейін Үкімет отставкаға кете ме?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауынан кейін Үкіметтің отставкаға кете ме деген мәселе төңірегінде түсініктеме берді.

«Саяси қайта жүктеу туралы айтсақ, мен бұл туралы айтқанмын. Саяси реформаларды жалғастыру керек. Олай болмағанда тоқырау болады. Екінші жағынан, заң бойынша, президент сайлауынан кейін Үкіметтің отставкаға кетуі міндетті емес. Бұл Парламент сайлауынан кейін міндетті түрде іске асады. Парламент сайлауының мерзімі туралы айтсақ, жыл аяғында мен осы мәселе бойынша арнайы мәлімдеме жасаймын. Сондықтан Үкімет жұмыс істеуге қалады. Бірақ Үкіметтің құрамында, өзге де ведомстволардың құрамында жекелеген өзгерістер болады», – деді ҚасымЖомарт Тоқаев.

Еске сала кетейік, бүгін еліміздің барлық өңірлерінде және 53 шетелдік өкілдікте президент сайлауы өтіп жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.