16-11-18 |
1880 рет қаралған
Жоғарғы сот кеңесі: Қазақстанда заңдық білім беру жүйесін өзгерту керек.
Қазақстан Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақов елдегі заңгерлер дайындау жүйесін түбегейлі өзгерту керегін мәлімдеді. Астанада Қазақстандағы судьяларды іріктеу жүйесін және Жоғарғы сот кеңесінің қызметін жаңғырту жөніндегі жиында сөйлеген Донақов елде судьялардың дербестігін де күшейту қажетін айтты.

«Қазақстанда заңгерлерді дайындау деңгейі төмен деуге болады. Меніңше, Қазақстандағы заң білімін беру беру жүйесін түбірімен реформалау керек. Заң білімін беру жүйесінде тәртіп орнату қажет. Себебі судья болғысы келіп, емтихан тапсыратындардың білім деңгейі өте төмен. Ең алдымен, заң білімін беру жүйесін қатаңдату керек» деді Донақов.

Оның сөзінше, біліктілік емтиханын тапсырған 100 адамның бесеуі ғана сынақтан өткен.

Талғат Донақов Қазақстанда 2500 судья және судья қызметіне 200 шақты бос орын барын айтады. «Бос орын соттарға жүктеме тым көп түскендіктен пайда болады. Әзірге, сот мамандығы тартымды болмай тұр» дейді ол.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Қазақстанда сот жүйесін іс жүзінде тәуелсіз емес, кейбір саяси істерде көп жағдайда біржақты айыптау үкімін шығарады деп сынайды.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.