68 жастағы Янукович ауруханаға жұма күні түсіп, сол күні шыққан. Оның денсаулық жағдайы қазір қандай күйде екені туралы ақпарат жоқ.
Склифосовский атындағы институт өкілдері РИА Новости агенттігіне Януковичтің ауруханада болғаны туралы ақпаратты растаған.
Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович 2014 жылы ақпанда Киевтегі жаппай наразылық шеруінен кейін Ресейге қашып кеткен. Оны Украинадан ресейлік арнайы қызмет шығарып әкеткен. Украинаның қазіргі билігі Януковичті мемлекетке опасыздық, Майдандағы (Киевтегі Тәуелсіздік алаңы) бейбіт шеруге оқ ату, күмәнді ақшаны заңдастыру мен жемқорлық, ел Конституциясын заңсыз өзгерту және ұйымдасқан қылмыстық топ құру тәрізді қылмыстарға айыпты деп санайды. Янукович өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарады.
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
25.12.2024