Ресей президенті Владимир Путин мобилизацияның қосымша толқынын жариялау туралы сұраққа жауап берді.
ТАСС агенттігінің жазуынша, мобилизация бойынша әскерге шақырылған азаматтардың 150 мыңы соғыс ошағында жүр. Қалған ресейліктердің 77 мыңы тікелей жауынгерлік бөлімшелерде, қалғандары екінші және үшінші шекаралық бекіністерде, аумақтық қорғаныс әскерлерінің функцияларын орындай отырып қосымша дайындықтан өтіп жатыр.
Оның айтуынша, қандай да бір қосымша жұмылдыру іс-шаралары туралы айтудың мағынасы жоқ. Дәл қазіргі сәтте мемлекет үшін де, Қорғаныс министрлігі үшін де қажеттілік жоқ.
Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин азаматтық қоғамды дамыту және адам құқықтары жөніндегі кеңес мүшелерімен кездесуде ядролық соғыс қаупінің артуы туралы да пікір білдірді, деп жазды Azattyq Ruhy.
«Ресейдің ядролық қаруды ұстара сияқты сермеуге ниеті жоқ және оны қорғаныс құралы әрі қауіпті тежегіш ретінде қарастырады. Біз есімізден адасқанымыз жоқ, ядролық қарудың не екені туралы өзімізге есеп бере аламыз. Бізге соққы берілгенде, біз жауап береміз», – деді Путин.
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024