13-12-22 |
650 рет қаралған
Таразда «Қамқор локомотив» мекемесінің 500-ден астам жұмысшысы наразылыққа шықты.
Таразда «Қамқор локомотив» мекемесінің 500-ден астам жұмысшысы наразылыққа шықты

Бүгін Тараз қаласындағы «Қамқор локомотивінде» жұмыс істейтін 500 жуық азамат жалақыларының аз болуына байланысты наразылыққа шықты. Жұмысшылар өздерінің жалақысы 70 мыңнан 150 мың теңге аралығында екенін айтады, деп жазды журналист Серік Жолдасбай әлеуметтік желіде.

Жиын алдында сөйлеген азамат:
«Жігіттер, «Қамқор локоматив» тек қана біздің Таразда ғана емес, оның филалдары бүкіл Қазақстада бар. Осында жұмыс істеген жігіттер бригада құрып, қазір Петропавлда жұмыс істеп жүр. Барып келу билеті мен жататын орны және тамағын ДЕПО төлейді. Сондай-ақ олардың жалақылары 350-400 мың теңге аралығында. Біздің солардан қай жеріміз кем жігіттер? Біздің айтып отырғанымыз жалақыны көтеру. Мәселен мен 5 разрядты слесар ретінде айына 380 мың емес, 350 мың теңге алайыншы, онда мен мына жерде қонып тұрып жұмыс істеймін…

…Екі апта бұрын Шуға барғанда жұмысшылардан «Айлықтарың қанша?» деп сұрадым. Үшінші разрядтың баласы «Айлығым 330 мың теңге», ал 5 разрядтың баласы «380-400 мың теңге» деп жауап берді», – деді ол.

Бұрын жалақының аздығы мен тағы да басқа мәселеге байланысты Жаңаөзен азаматтары наразылыққа шығатын. «Шығысым батыс болып кетті» демекші, енді «Жамбылым Жаңаөзен болып барады». Мысалы Жамбыл облысында соңғы бір айда әуелі «Қазфосфот», міне бүгін «Қамқор локомотивтің» жұмысшылары көтеріліп отыр.

«Егер сабырдың суын сарқып ішкен Әулиеата халқы наразылыққа шыға бастаса, демек мұндай наразылықтар өзге де өңірде жалғаса береді. Ал осындай сәтте президенттің диван батырлармен алысып отырғаны ұят тірлік»,-деп жазды ол.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.