ҚР Бас прокуратурасы қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде қайтыс болған азаматтардың нақты санын жария етті.
ОКҚ-де өткен брифингте ҚР Бас прокуратурасы І қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов әлеуметтік желілерде қаңтар оқиғасында қаза болған азаматтардың санына қатысты қауесетке тоқталды.
«Жаппай тәртіпсіздік кезінде 238 азамат қайтыс болды деп ресми түрде мәлімдейміз. Әрбір өлім фактісі бойынша тергеу органдары сотқа дейінгі істі тіркеді. Қаза тапқандар туралы біздің дерек сенімді, жүргізілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қайта тексерілді. Осы орайда жалған ақпарат таратқандарға жауапкершілік барын еске саламын», – деді ол.
Жаппай тәртіпсіздіктер болған қалаларда 1 466 ғимарат пен мекеме қираған. Оның ішінде 1 395 бизнес нысаны және 71 мемлекеттік мекеме. Алматыда қала әкімдігіне, резиденцияға, әуежайға, «Хабар», «Қазақстан», «Мир 24» телеарналарының кеңселеріне шабуыл жасалды. Сонымен қатар құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің басқармасы ғимараты қиратылған.
-
28.12.2024
-
28.12.2024
-
28.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024