15-12-22 |
1320 рет қаралған
Сенат депутаттығына 130 кандидат ұсынылды.
Сенат депутаттығына 130 кандидат ұсынылды

ҚР Орталық сайлау комиссиясына Парламент сенаты депутаттығына кандидаттарды ұсыну 14 желтоқсанда аяқталды, 130 адам кандидат ретінде ұсынылды.

ОСК төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, күнтізбелік жоспарға сәйкес, Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну 14 желтоқсан күні сағат 18:00-де аяқталды, деп жазды Zakon.kz.

«2022 жылғы 29 қараша мен 14 желтоқсан аралығында республика бойынша Парламент сенатының депутаттығына 130 кандидат ұсынылды. Бір депутаттық орынға 6 кандитаттан келеді. Өңірлер бөлінісінде ең көп кандидат ұсынған облыстар: Абай, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары – әр облыстан 8 кандидаттан. Астана, Алматы қалалары 10 кандидаттан ұсынды. Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары 5 кандидаттан, Шымкент қаласы 6 кандидат ұсынды»,- деді ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров.

Оның айтуынша, барлық дерлік кандидат өзін-өзі ұсынған, 130 үміткердің бәрі өз бетінше өтініш берген, солардың ішіндегі 3-інің кандидатурасын кейін жергілікті мәслихаттар қолдаған.

Үміткерлердің орташа жасы – 50,5 жас, ең кішісі 30 жаста, ол Ақтөбе облысынан, ең үлкені 74 жаста, ол сайлауға Батыс Қазақстан облысынан түседі. Кандидаттардың төрттен бірі әйел.

Ол барлық кандидаттың аты-жөні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жарияланатынын айтты.

Үміткерлерді тіркеу рәсімі 24 желтоқсан күні сағат 18:00-де аяқталады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.