19-11-18 |
1550 рет қаралған
ҰҚК: Ақтөбеде терроризм күдігімен екі адам қамалды.
Ақтөбеде терроризмді насихаттады және террорлық ұйым құрып, оның қызметіне қатысты деген күдікпен екі адам қамауға алынды. Бұл туралы қарашаның 19-ы күні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметі хабарлады. ҰҚК ақпаратына қарағанда, күдіктілерді арнайы қызмет пен ішкі істер органы қызметкерлері бірігіп 15 қарашада ұстаған.

Күдіктілердің үйлерін тінту кезінде «қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, атыс қаруы мен суық қару, оқ-дәрі мен экстремистік мазмұндағы материалдар және әскери іс-қимыл жүргізу туралы нұсқаулық» тәркіленген.

ҰҚК қазір күдіктілер тергеліп жатқанын айтады.

ҰҚК Қазақстанның түрлі аймағында әлсін-әлсін арнайы операция жүргізіп, экстремизм мен терроризмді насихаттады, «әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздырды» деген күдікпен ондаған адамның ұсталғанын хабарлап тұрады.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.