Бозымбаев «Орынбасарыңыз Анатолий Шкарупаның ұсталғанынан хабардарсыз ба?» деген сауалға «Иә» деп жауап берді. Министр сонымен қатар вице-министрдің өзін қызметінен босату туралы арызына қол қойғанын да айтты.
«Келісім алу ұзақ болады, премьер-министр кеңсесі, президент әкімшілігі келісуі керек. Бірақ ол өтініш жазды, мен тиісті ұсынысты жолдадым. Өткен аптада» деді энергетика министрі.
Астана қалалық сотының хабарлауынша, мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Анатолий Шкарупаны 219 жылдың 16 қаңтарына дейін қамауға алуға санкция берген.
Қазан айының басында бас прокурор Қайрат Қожамжаров Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жиынында 2015-2017 жылдары Қарағанды облысы Сарань қаласының әкімі болған Анатолий Шкарупаның «заң бұзғанына қатысты шағым барын мәлімдеген. Бас прокурордың мәліметінше, Шкарупа 2015 жылы есептеуіш құрылғыларын қондыруға бөлінген бюджеттің 215 миллион теңгесін жымқыруға қатысы бар. Бұл іс бойынша тергеу басталған.
Шкарупа вице-министр қызметіне биыл қазанның басында тағайындалған. Мұның алдында ол Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болған. Шкарупаға дейін энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев шілдеде Ақмола облысы аумағындағы шипажайда көлді тазарту жобасында болған ықтимал сыбайлас жемқорлықты тергеу аясында үйқамаққа алынған.
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024