09-01-23 |
1910 рет қаралған
Бразилияның бұрынғы президентінің жақтастары парламент ғимаратына басып кірген.
Бразилияның бұрынғы президенті Жаира Болсонарудың жақтастары жексенбіде ел астанасы Бразилиа қаласындағы парламент ғимаратына басып кірген.

Болсонарудың жақтастары әуелі ғимараттың шатырына шығып, сонан соң отырыс залына кірген. Полиция тосқауыл қоя алмаған.

 

Болсонару жақтастары президент сарайы мен Жоғарғы сот ғимаратына да ұмтылған, бірақ кіре алмаған.

Билік өкілдері қалаға құқық қорғау органдарының қосымша күштері тартылып жатқанын мәлімдеді.

Болсонару жақтастары президент сайлауының нәтижелері бұрмаланды деп есептейді.

Президент сайлауында жеңіп, бір апта бұрын ғана ант берген Лула қазір астанада жоқ.

 

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.