Көшпелі сот процесі Тәжікстан Әділет министрлігінің №1 тергеу абақтысында өтіп жатыр. Сот отырысы ашық деп жарияланғанымен, оған адвокаттар мен куәгерлер ғана қатысып жатыр.
Сот отырысына қатысқан дереккөз 19 қараша күнгі процесте мемлекеттік айыптаушы – Бас прокуратура өкілі сөйлегенін хабарлады. Оның айтуынша, прокурор іс бойынша басты фигурант Хусейн Абдусамадовқа өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын сұраған.
Шілденің 29-ы күні Тәжікстанның Хатлон облысы Дангара ауданының аумағында велосипед мінген саяхатшыларға тұтқиылдан шабуылдаған қылмыскерлер әуелі оларды көлікпен қағып, кейін машинадан түсіп, пышақтап тастаған. Шабуылдан төрт адам – Нидерланд пен Швейцарияның бір-бір азаматы және екі америкалық ажал құшқан. Олармен бір топта кетіп бара жатқан тағы екі адам жарақат алған.
Шабуылды «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымы мойнына алған. Тәжікстан билігі шабуылдың артында елде тыйым салынған «Тәжікстан ислам қайта өрлеу партиясы мен Иран тұрғанын» мәлімдеген. Тегеран шабуылға қатысын жоққа шығарған. Тәжікстан ислам қайта өрлеу партиясы Душанбенің мәлімдемесін терістеп, айыпты «негізсіз әрі саяси астары» бар деп атаған.
Іс бойынша 17 адам сотқа тартылған. Тергеу оларды шабуылға қатысы бар деп күдіктенеді. Шабуыл жасады деген күдікті бес адамның біреуі – Хусейн Абдусамадов қана тірі қалды. Қалған төртеуі – Зафарджон Сафаров, Асомуддин Маджидов, Джафариддин және Аслиддин Юсуповтар күш құрылымдарының арнайы операциясы барысында оққа ұшқан. Кейбір сотталушылар қылмыс туралы хабарламады деген күдікке ілінген.
Абдусамадов сотта өз ісін мойындағанын, бұл үшін еш өкінбейтінін айтқан.
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024