21-01-23 |
3370 рет қаралған
«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені бренді Ақтөбеде.
«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені бренді Ақтөбеде

Ақтөбеде Президент Іс Басқармасының Медорталығының күндері өтуде. Бүгін  ҚР Президентінің Іс Басқармасының Медициналық орталығы «Оқжетпес» ЕСК АҚ брендімен тоғысқан Қазақстанның үздік шипажайлары Ақтөбе облысын шипажай жұмыстарымен таныстырып, меморандумға қол қойды. Аймақтардағы мұндай кездесулер ішкі және халықаралық медициналық туризмді дамыту, ҚР денсаулық сақтау саласына жаңа медициналық технологияларды енгізу, халыққа көмек көрсету үшін ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы ауруханалары мен емдеу-сауықтыру кешендерінің мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында жүргізілуде.

«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені АҚ президенті Яков Стерлигов Ақтөбе облысы тұрғындарын «Оқжетпес» брендіне кіретін үш санаторий жұмысымен таныстырып, облыстың әр тұрғынын әдемі өлкенің сұлулығымен тамсанып, денсулығын нығайтуға шақырды.

2017 жылғы 27 шілдеде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №450 қаулысымен «Оқжетпес»  емдеу-сауықтыру кешені бірегей желіге айналып, АҚ құрамына Алматы қаласында орналасқан «Almaty resort» санаторийі, Ресей Федерациясының Ессентуки қаласында орналасқан «Қазақстан» санаторийі «Оқжетпес» ЕСК» АҚ-ның еншілес кәсіпорны болып бекітілді.

«Оқжетпес» ЕСК Бурабай – Қазақстанның інжу-маржаны Бурабайдың жүрегінде, Щучье-Бурабай курорттық аймағының ең әдемі көлінің жағасында орналасқан.

Қазіргі заманғы емдеу-диагностикалық базамен толықтырылған табиғи бірегей факторлар: қарағай орманының экологиялық таза ауасы, Балпаш сор көлінің емдік балшығы және «Май Балық көлінің минералды суы, радонды терапия, қымызбен емдеу, «Құлагер – Арасан» минералды суы жүрек-тамыр жүйесі, тыныс алу мүшелері, тірек-қимыл аппараты, асқорыту, қан айналымы, эндокринді және жүйке жүйесі ауруларын, урологиялық және гинекологиялық ауруларды емдеуге және оңалтуға мүмкіндік береді.

«Almaty resort» – заманауи көпбейінді санаторлық-курорттық кешен. Әлемдік стандарттарға сай ең заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ерекшеліктері:

  • Меншікті минералды су ұңғымасы
  • Криосауна секілді бірегей медициналық ем-шаралар
  • Спорттық сауықтыру кешені
  • Алдыңғы қатарлы медициналық құрал-жабдықтар
  • Жайлы нөмірлер
  • 5-жұлдызды шипажай
  • Заманауи медициналық блок

«Қазақстан» ЕСК – шипажай Ресейдің Кавказ Минералды Сулары тобына кіретін аса ірі және ең танымал бальнеологиялық және балшықты курорты —  Ессентуки қаласының  орталығында орналасқан. Курорттың емдеу факторларының ішінде әлемге танымал хлоридті-гидрокарбонатты натрийлі ішуга арналған суларының жетекші маңызы бар.  Бұл «Ессентуки-4», «Ессентуки-17» және «Ессентуки-Новая». Тамбукан көлінің сульфидті-тұнбалы балшығының емдік факторының да мәні кем түспейді.  Бұл көлдің балшығы жоғары минералданған, аса сульфидті болып табылады. Өзінің құрамы бойынша ол Өлі теңіз балшығына жақын, бірақ одан органикалық заттар  құрамы бойынша артық.

Қазіргі таңда «Оқжетпес» ЕСК» АҚ өз брендімен біздің еліміздің ең жақсы курорттарын біріктіреді. Біріктірілген желінің әртүрлі санаттағы 367 бөлмесі бар. Медициналық ғимараттар білікті кадрламен және жаңа медицина жабдықтарымен жабдықталған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.