20-11-18 |
1730 рет қаралған
Алматыда үстіне мұз құлаған адам қайтыс болды.
Алматыда көп қабатты үйдің шатырынан үстіне мұз сүңгісі құлаған әйел қайтыс болды. Бостандық аудандық әкімдігінің хабарлауынша, қайғылы оқиға бүгін түс кезінде Марков көшесінің бойындағы тоғыз қабатты №75 үйде болды.
1958 жылы туған әйел жедел жәрдем кеткенше қайтыс болып кетті. Полиция кісі өлімін «жазатайым оқиға» деп санап отыр.
Әкімдік хабарламасында «мұндай қайғылы жағдайларды болдырмау үшін пәтер иелері кооперативтері ауланы уақытында қар мен мұздан тазалап, шатырдағы мұз сүңгілерін түсіріп тұратыны айтылады». Әкімдік қайғылы оқиға болған үйдің шатырынан мұзды түсіру үшін арнайы техника қажет болған дейді.
Марков көшесіндегі №75 көпқабатты тұрғын үй кешені 2013 жылы пайдалануға берілген және оған басқарушы компания қызмет көрсетеді.
Соңғы мақалалар.
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
МІНБЕР.
ӨЗГЕ ДЕ МАҚАЛАЛАР.