24-01-23 |
1250 рет қаралған
Алматыда балалар пансионатының қызметкерлері кәмелетке толмаған баланы суицидке итермеледі деген күдікке ілінді.
Алматыда балалар пансионатының қызметкерлері кәмелетке толмаған баланы суицидке итермеледі деген күдікке ілінді

Алматы қалалық полиция департаменті балалар пансионатының атын жамылып жұмыс істейтін қайырымдылық мекемелерін кәмелетке толмағанды өз-өзіне қол жұмсауға итермеледі және басқа да қылмыстарды жасады деген күдікпен қылмыстық істі тергеп жатыр.

«Бұл пансионаттарда тұратын кәмелетке толмағандар жүйелі түрде діни жоралғылар мен ұжымдық дұғаларға тартылған. Бұған көнбеген балаларды тамақ, су бермей жазалаған, кей жағдайда физикалық күш қолданылған. Пансионаттарда жүргізілген тінтулер шетелдік діни әдебиеттер мен оқу материалдарының, оның ішінде Қазақстанда экстремистік деп танылған және таратуға тыйым салынған материалдардың бар екенін растады», – деп жазды полициядан.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесіне сай басқа мәліметтер жария етілмейді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.