14-02-23 |
2070 рет қаралған
Оң рөлді автокөліктер заңдастырылатын болды.
Оң рөлді автокөліктер заңдастырылатын болды

Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасына қосалқы бөлшек деген желеумен әкелініп, кейіннен біздің азаматтарға сатылып кеткен рөлі оң жақтағы автокөліктерді бастапқы тіркеудің құқықтық тетігін әзірлеп жатқанын мәлімдеді, деп жазды Zakon.kz.

Қазір оларды заңды тіркеуге алу жұмыстары жүріп жатыр.

Ведомствоның мәліметінше, заңдастырудың 20 күнінде бастапқыда 27 мыңға жуық көлік тіркелген.

65 мыңнан астам көлік алдын ала тексеруден өтіп, нөмірленген бірліктерді салыстыруға және одан әрі тіркеуге жіберілді.

Бұған қоса Ішкі істер министрлігі шешу шараларын әзірлеу мақсатында автокөліктерді заңдастыру барысында туындайтын түйткілді мәселелерді сараптауда.

Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру 2023 жылдың 23 қаңтарынан басталғаны хабарланған еді.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті 15 желтоқсанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте шетелдік автокөлікті заңдастыру алгоритмін түсіндірді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.