09-03-23 |
2560 рет қаралған
Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 12 жылға сотталды.
Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 12 жылға сотталды

Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 12 жылға сотталды. Үкімді қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты шығарды.

Baigenews.kz басылымының жазуынша, қорғаныс ведомствосының бұрынғы басшысы 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

Сот іс «құпия» белгісімен қаралғанына сілтеме жасап, толық мәлімет бермеді.

Бектановқа қатысты тергеу оның қаңтар оқиғасы кезінде қызметте әрекетсіздігіне байланысты 2022 жылғы 19 ақпанда басталды.

21ақпан күні оның қамауға алынғаны жөнінде ақпарат тарады.

5 қаңтар күні Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов қаңтар оқиғасы кезінде елдің бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов заңсыз бұйрық бергенін мәлімдеді.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.