15-03-23 |
1910 рет қаралған
Ресей билігі келісімшартпен 400 мың адамды әскерге шақырмақ.
Ресей билігі келісімшартпен 400 мың адамды әскерге шақырмақ

1 сәуірден бастап Ресей Федерациясының Қарулы күштерінің қатарына келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді тарту бойынша ауқымды науқан басталатыны белгілі болды.

Ресейде армияға келісімшарт жасаушыларды жалдау бойынша ауқымды ақпараттық науқан жүріп жатыр. Жыл соңына дейін бүкіл ел бойынша Қарулы күштерге 400 мыңға жуық кәсіби сарбазды тарту жоспарланып отыр. Хабарлама өңірлерге жіберілді, губернаторлар дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Azattyq Ruhy сайтының жазуынша, Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігінің басшысы Сергей Шойгу 2022 жылдың желтоқсанында кәсіби және келісімшарт арқылы жұмыс істейтін әскерилерді көбейту қажеттілігі туралы ведомство алқасында мәлімдеген.

НАТО-ның өсіп келе жатқан қауіп-қатеріне назар аудара отырып, ол армия штатын 1,15 миллионнан 1,5 миллионға дейін арттыру керек деп мәлімдеді. Бұл ретте олардың жартысына жуығы — 695 мың келісімшарт жасасушы болуы тиіс. Шойгудың жоспары бойынша, 2023 жылдың соңына қарай кәсіби әскери қызметкерлердің санын 400-ден 521 мың адамға дейін арттыру керек.

Президент Владимир Путин бұған дейін Ресейдің әскерге шақыру моделінен кәсіби армия құруға көшуі керек екенін бірнеше рет айтқан болатын. Ол бұған 2022 жылдың мамырында келісімшарт жасаушылар үшін қызмет жасына байланысты шектеуді алып тастады: орыстар үшін 40 жас және шетелдіктер үшін 30 жас. Мемлекеттік Думада тәжірибелі мамандар «бұл шешім қарулы күштерді нығайтады» деп атап өтті.

Сонымен, кезекті науқанда Свердловск және Челябі облыстарынан кем дегенде 10 000 адам тартылуы керек. Ал Пермь облысында кем дегенде 9 000 адам келісімшартпен жиналуы керек. Өзге облыстарға қатысты ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.