19-03-23 |
1330 рет қаралған
Алматыда дауыс қалай берілуде: егде жас азаматтық ұстанымға кедергі емес.
Алматыда дауыс қалай берілуде: егде жас азаматтық ұстанымға кедергі емес

Мәжіліс пен Алматы мәслихатына депутаттар сайлауында өз дауысын беруге көптеген аға буын сайлаушылары тілек білдірді. Бұл ретте егде жастағы көптеген алматылықтар сайлау учаскесіне өз бетінше келуді жөн көрді.

Сайлау комиссиясының мүшелерін өздерінің азаматтық ұстанымдарының мұндай көрінісі бе-жай қалдырмады. Дауыс беруге келген барлық қарт азаматтар назардан тыс қалмауда.

Наурызбай ауданында №507 сайлау учаскесінде «Мерси» деген символдық атауы бар үлкен қорап кәмпит 85 жастағы алматылыққа табысталды. Мұндай құрмет кейуанаға ерекше әсер етті.

№ 359 учаскеде 87 жастағы ардагер Баймұрат Тынысбайұлы 82 жасқа толған өзінің » жас » жұбайымен бірге дауыс беруге келді. Сайлау комиссиясының мүшелері ерлі-зайыптыларды өте жылы қарсы алды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.