31-03-23 |
1530 рет қаралған
Түркия парламенті Финляндияның НАТО-ға өтуін қолдады.
Түркия парламенті Финляндияның НАТО-ға өтуін қолдады

Түркия парламентінің бас ассамблеясы Финляндияның НАТО құрамына өтуі жөніндегі хаттаманы ратификациялады. Жиынға қатысқан 276 депутат аталған құжатты қолдап, дауыс берді.

Түркия Финляндияның Солтүстік Атлантикалық альянсқа қосылуы үшін келісімі беретін соңғы мемлекет болып тұр еді. 27 наурызда бұл шешімді Венгрия парламенті бекітті.

Финляндияның өзі бұған дейін елдің НАТО-ға кіруі үшін қажетті ратификациялау үдерісін ұлттық деңгейде аяқтаған болатын: Парламент қосылу туралы шешімді мақұлдады, содан кейін Финляндия президенті Саули Ниинистё тиісті құжаттарға қол қойды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.