31-03-23 |
4040 рет қаралған
Солтүстік Қазақстандағы оқиға: Мәжіліс депутаттары бас прокурорға арнайы хат жазды.
Солтүстік Қазақстандағы оқиға: Мәжіліс депутаттары бас прокурорға арнайы хат жазды

Мәжілістің бір топ депутаты Солтүстік Қазақстандағы оқиғаға байланысты бас прокурор Берік Асыловқа хат жазды. Хатта әлеуметтік желіде тараған видеода Солтүстік Қазақстан облысының бірнеше азаматының үндеуі конституцияға қайшы әрі сепаратизмге шақыру екені айтылған. Әрі мемлекеттің тұтастығы мен унитарлығына қарсы әрекет қылмыс кодекс бойынша 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айрыуға апаратыны айтылған. Депутаттар осы оқиғаға байланысты бас прокурордан тексеріс жүргізуді қажет болған жағдайда прокурорлық жедел әрекеттерді қолға алуға шақырған.

 

Хатқа А.Құспан, Е.Бапи, Е.Саиров, А.Сарым, Н.Сәрсенғалиев, Р.Зайытов, Б.Базарбек, М.Толықбай, Қ.Иса, М.Әбенов, Ә.Жұбанов, Ж.Амантай қатарлы депутаттар қол қойған.

– Біз бұл шағын ғана хатпен шектеліп қалмаймыз. Мұны міндетті түрде әрі қарай қадағалайтын боламыз. Және бас прокуратураның өкілін парламентке алдырып, бұл іс туралы есеп алатын боламыз, – деді депутат Абзал Құспан arasha-ға берген пікірінде.

Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының депутаты Ербақыт Амантайұлы жергілікті прокуратура мен полиция департаментінен арнайы мәліметтер күтіп отырғанын жеткізді. Ол ақпараттарды да жариялайтын боламыз.

Әзірге ҰҚК, бас прокуратура оқиғаға қатысты мәлімдеме жасамады. Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл шақырылымы да болған жоқ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.