02-05-23 |
1960 рет қаралған
«AMANAT» партиясы Башинскаяның әрекетіне қатысты жауап берді.
«AMANAT» партиясы Башинскаяның әрекетіне қатысты жауап берді

«AMANAT»-тың Алматы қалалық филиалының төрағасы Станислав Канкуров депутат А.Башинскаяның Facebook-те дау тудырған пікіріне қатысты мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша, А.Башинскаяның бұл пікірі партияның көзқарасын білдірмейді. «AMANAT» партиясы өзге елдердің саясатына араласпайды.

«А.Башинская абайсызда қателікпен жазылған пікірі үшін өз тарапынан кешірім сұрады. Дегенмен, айтылған сөздің ауыртпалығы мен оның саяси астарын ескере отырып, бұл мәселені партия бей-жай қалдырмайды. Мәселені тез арада партияның тиісті құрылымдарында қарастыратын боламыз. Әрбір жергілікті мәслихат депутаты өзі тұрып жатқан мемлекеттің мүддесін басты орынға қоюы тиіс», – деп жазды Станислав Канкуров Facebook-тегі парақшасында.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.