Сырты істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жақында Иракта түрмеде отырған бірнеше отандасымыз аштық жариялағанын мәлімдеді.
«24 сәуірде Қазақстанның Иорданиядағы елшілігіне Ирак билігінің лаңкестік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру үкіміне наразылық ретінде бірнеше шетел азаматтары, оның ішінде Қазақстан азаматтары арасында қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Қазақстандық 6 әйел Русафа түрмесінде аштық жариялады. Тұтқындар экстрадициялау ісін тездетуді талап етіп отыр», – деді Сырты істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Оның айтуынша, Иорданиядағы елшілігіміздің бастамасымен 26 сәуірде «Русафа» түрмесінің судьясымен және ЮНИСЕФ-тің Ирактағы өкілдігінің балаларды қорғау жөніндегі маманымен келіссөздер жүргізілген. Келіссөздер нәтижесінде ҚР азаматтарының құқығын сақтау туралы келісімге қол жеткізілді.
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024