Халқымыздың біртуар перзенті, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың адамгершілік асыл қасиеттері, қарапайымдылығы, кісілік келбеті, игілікті істері баршаға аян.
Қазақ халқының ұлы тұлғасына айналған Қонаев атамыздың, кішіпейіл, жанашыр басшы болғаны белгілі.
Көп басшының жанына күзет қаптатып жүрген уақытта, сол кездегі мемлекеттің бірінші адамы жұмысқа жаяу және күзетсіз баруы соның дәлелі емес пе?
“Мені халықтан қорғамаңдар”-деген сөзі тағы бар…
Тек ұлт қамын ойлап, ұлт болашағының жарқын болуы үшін тынбай қызмет жасаған адал ұл сонысымен халық есінде мәңгі қалды.
Қонаевтың тұсында Қазақстанның экономикасы мен білімінің аграрлық, өнеркәсіптік, қала құрылысы, ғылыми, мәдени салалары қарқынды дамыды. Оның билігі кезінде республика Ресей мен Украинамен бірге КСРО-ның ең ірі үш экономикасының қатарына кірді. Биыл халқымыздың ұлы перзентінің туғанына 110 жыл толып отыр. Осыған орай Алматы облысында ескерткіш ашылды, бұл жай ескерткішке тоқтала қоймай президент Қасым Жомарт Тоқаевтың өзі Алматы облысының Қапшағай қаласын Қонаев қаласы деп қайта атауының өзі оның мәңгі есімізде болатынын аңғартқандай.
Мүмкін халықтың тағдыры, Отанымыздын алдындағы міңдетіміз кімнің мойнында екендігін сезіну керек болған шығар. Ұлтжанды бір адамның жүріп өткен жолына қарап әрқайсымыз соңымыздан не қалдырамыз деп ойлануымыз керек. Д. А Қонаевтың мерейтойы бізге ол кісіні еске алу үшін ғана емес, сонымен қатар өзімізге есеп беріп, айналамызға және де билік басындағылардың іс әрекетіне зер салуға итермелейді. Ол кісінің ел үшін атқарған еңбегі бәрімізге үлгі болып қала береді.
Маралым Капарова
1 курс студенті
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024