Қазақстанның 14 азаматы «қос азаматтығы бар» деген себеппен Қытайдан қайта алмай отыр. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді. Смадияровтың айтуынша, осыған дейін Қытайда «қос азаматтығы бар» деген айыппен Қазақстанның 29 азаматы ұсталып, оның 15-і босаған.
Смадияровтың мәліметінше, Қазақстан мен Қытай билігінің келісіміне сай биыл тоғыз айда 2 мың 500 этникалық қазақ Қытай азаматтығынан жеңілдетілген тәртіппен шығуға құжат жасатты.
2017 жылдың сәуірінен Қазақстан ақпарат құралдарында Қытай қазақтарының қысымға ұшырағаны туралы жиі айтыла бастады. Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінен Қазақстанға қоныс аударған қазақтар соңғы айларда Алматы мен Астанада жиі жиналып, Қытайда қамауда алынған немесе қайта алмай отырған туыстарын босатуға биліктен көмек сұрап жүр.
Қытай этникалық азшылық өкілдерін саяси лагерьлерге топтап қамайтыны жайлы халықаралық адам құқығын қорғау ұйымдары мен түрлі елдердің баспасөзі жазып келеді.
Қазанның 16-сында Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі үкіметінің төрағасы Шохрат Закир «осындай орталықтардың арқасында аймақ діни экстремистік әрекеттерден аман қалғанын, қазір жағдайдың қауіпсіз әрі тұрақты екенін» айтқан. Закирдің сөзінше, мұндай орталықтарда отырғандар мандарин тілін (қытай тілінің ірі диалектісі) меңгеріп, заманауи ғылым үйренеді. Саяси лагерьлерді «тегін кәсіп үйрену орталықтары» деп сипаттаған шенеунік мұнда «мамандық жетілдірумен қатар, спорттық мәдени шаралар өтетінін де» айтқан.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024