30-05-23 |
3700 рет қаралған
Алматылықтар үшін 31 мамыр күні еске алу орындарына баратын көліктер ұйымдастырылады.
Алматылықтар үшін 31 мамыр күні  еске алу орындарына баратын көліктер ұйымдастырылады

Алматы әкімдігіндегі ақпарат көздерінің хабарлауынша, 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай қала басшылығының, қоғам қайраткерлерінің, саяси қуғын-сүргін құрбандарының туыстары және жастардың қатысуымен сағат 9:00-де Қарағайлы алаңындағы ескерткішке ашаршылық және қуғын-сүргін құрбандарына гүл қою рәсімі өтеді.

Ресми бөлімнен кейін рәсіміне қатысушыларға Алматы облысының Жаңалық ауылындағы (Талғар ауданы, 44 км.) репрессияға ұшырағандар жерленген жерлерге бару үшін автобустар дайындалады. Ондағы еске алу шаралары сағат 10.00-де басталады. Сондай-ақ, Алатау ауданына қарасты Қарасу ықшамауданындағы Қандысай мемориалының жанында да еске алу шаралары өтеді.

Сонымен қатар, қаланың орталық мешітіне зиярат етушілер үшін дұға оқылып, құрбандық шалу рәсімі жоспараланған.

Жаңалық ауылындағы Қандысай мемориалына және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайына баратындарды әкімдік автобуспен қамтамасыз етеді. Осылайша, қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға неит еткендер үшін барлық жағдай жасалады.

Қала әкімдігі Алматы қаласы прокуратурасының 2023 жылғы 31 мамырда митингілер, шерулер мен жиналыстар өткізу туралы келісім болмағаны туралы мәлімдемесін растады.

Алматы қаласының прокуратурасы бұған дейін де заңның үстемдігін, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қолданыстағы заңнама нормаларын мүлтіксіз орындау мақсатында немқұрайлылық танытпауға, сонымен қатар, арандатуларға және заңсыз әрекеттерге, оларға жария шақыруды ұйымдастырудан және оларға қатысудан аулақ болуға шақырған болатын.

Құқық қорғау органдары белгіленген құқықтық тәртіпке нұсан келтіретін кез келген құқық бұзушылықты тоқтатып, заңда көзделген барлық шараларды қабылдайды. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналып жоспарланған іс-шаралардың толық тізбесін мына жерден көруге болады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.