Астана халықаралық форумына қатысушылардың қатарында мәдени және креативті индустрияларды дамыту саласындағы халықаралық сарапшылар да бар.
Бұл туралы «Хабар 24» арнасы хабарлады.
Солардың бірі – британиялық маман Дэвид Перриш. Ол – оқыту семинарлары мен мазмұнды еңбектері арқылы көпке танылған бизнес-кеңесші.
Әлемнің 60-тан астам елінде жұмыс істеген. Алқалы жиында Перриш табысқа жету үшін бизнес пен шығармашылықты ұштастырудың ұтымды жолдарын айтып, құпиясымен бөліспек.
Форум көшбасшылар мен сарапшылардың басын қосады және кейбір көкейкесті әлемдік проблемаларды шешудің практикалық жолдарын ұсынады. Жиында мен жаһандық креативті экономикада шығармашылықтың маңыздылығы және жаңадан пайда болып жатқан трендтер мен сын-тегеуріндер туралы сөз қозғаймын. Бұдан бөлек, үкімет пен мемлекеттік ұйымдар шығармашыл кәсіпкерлерді қалай қолдай алатынын және халықаралық байланыстарды қалай кеңейтуге болатынын айтамын – дейді Дэвид Перриш.
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024