07-06-23 |
2090 рет қаралған
«Ел тірегі» деп жүрген экс-депутат қамауға алынды.
«Ел тірегі» деп жүрген экс-депутат қамауға алынды

Аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен Мәжілістің экс-депутаты Нұржан Әлтаев ұсталды. Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен растады.

Иә, оның (Нұржан Әлтаев – arasha.kz) аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен ұсталғанын растаймыз. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, бұл оқиғаға қатысты өзге ақпарат жария етілмейді, – деп жауап берді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Еске сала кетейік, 2020 жылы Нұржан Әлтаев сол кездегі «Nur Otan» партиясының қатарынан шығарылып, оның депутаттық өкілеттігі тоқтатылған болатын.

Нұржан Әлтаев әр жылдары ауыл шаруашылығы вице-министрі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметтерін атқарған, сондай-ақ Мәжілістің VI шақырылымының депутаты болған.

arasha.kz

ФОТО: turkystan.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.