02-06-23 |
1950 рет қаралған
Ашық форматта өткен алғашқы кездесу.
Ашық форматта өткен алғашқы кездесу

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов пен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек және елорда активімен “Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз ету” тұжырымдамасын талқылау мақсатында кездесу өткізді.

Алғаш рет ашық форматта өткен кездесуге қалалық мәслихат депутаттары, ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары, ғылыми топтар мен азаматтық қоғамның өкілдері қатысты.

ІІМ басшысы Марат Ахметжанов Астана қаласы барлық мемлекеттік органдар, жоғары оқу орындары, мәдени нысандар шоғырланған ең негізгі мекен екенін айтты. Елордаға күн сайын мыңдаған қазақстандық пен шетел азаматтары келеді. Сондықтан қала деңгейі әлемнің жетекші астаналарының деңгейінде болуы керек екенін айтты.

Кездесуде полицияның құқықтық тәртіпті қорғауды тәулік бойы қамтамасыз ететіндігі, сапасы жақсарғаны және елдегі қылмыс деңгейі 16%-ке, ал Астанада 17%-ке төмендегені туралы айтылды. Алайда, бұл тек қылмыстың салдарымен ғана күресу. Қылмысқа көптеген факторлар әсер етеді – әлеуметтік, экономикалық, көші-қон және басқалар. Сондықтан оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша барлық мемлекеттік органдар мен тұрғындардың жүйелі жұмысы талап етіледі.

Карта 7 негізгі топтан және халық үшін өзекті 38 мәселеден тұрады. Бұл мас күйінде жасалған қылмыс, отбасылық және тұрмыстағы зорлық-зомбылық, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, ұрлықтың алдын алу, жол қауіпсіздігі секілді басқа да қылмыстар.

Елордалық тұрғындардың құқықтық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемаларының әрбір тобы бойынша ІІМ ситуациялық талдау орталығы ұсыныстар әзірлеген. Оны полиция ведомствосының басшысы таныстырып шықты.

Сондай-ақ, бұл картаға «есірткі саудасының ұйымдасқан түрлерінің жоғары тәуекелдері», әсіресе синтетика мәселесі кіреді. Қазір елордада «синтетикамен» байланысты тіркеудің өсуі байқалуда. 46 кг есірткі тәркіленген. Ал, оның 10 кг «синтетика».

Осы себепті есірткі жеткізу арналары мен оларды өндіретін орындардың жолын кесу маңызды дейді полейцейлер.

Бұл тарихи, президенттің бастамасынмен әрі халықтың қолдаумен іске асырылған реформаға бір жыл толып отыр. Осы бір жылда үлкен ірі оқиғалар өтті. Осы бір жылда біз түрлі сынақтардан тарихи жолдардан ауыр да болса абыройлы жолмен өттік деп айтуға болады. Әрине бұндай ауқымды үлкен көлемді, өзіңіз айтқандай, реформалар, олар бір уақытпен бір мөлшермен есептелмейді ғой. Бір уақытқа негізделмейді. Бұл реформа еліміздің алдағы дамуындағы тарихи кезеңдердің бір сәті. Тарихи кезеңдердің саяси бағдары. Бірақ бір жылда осындай ауқымды реформаларға баға беру күрделі және де бір жыл аздық етеді. Сонда да сол бір жылда жасаған жұмыстар жеткілікті, жетістіктер де бар – деді министр.

Сонымен қатар ол жетістіктерді санап берді.

Атап айтатын болсақ: ең негізгісі шешілген мәселе бүкіл саяси институттардың жаңғыруы олардың толық жаңаруы. Соның ішінде бір ғана мәжілісті алып қарасақ, сол мәжіліс бүгінде жұмысқа кірісті. Жаңа мәжіліс, жаңа тұлғалар, алты партия келді. Бүгінгі күнде мәжілісте алуан түрлі көзқарасы саяси көзқарасы бар топтардың өкілдері отыр. Бұл әрине әр адамға немесе бүкіл тегіс жұртқа ұнайтын парлпментті жасақтау оңай емес. Бірақ қарап отырсақ бүгінгі мәжілістің жұмысына осы қоғамда көтеріліп жатқан бүкіл күрделі мәселелерді, қоғамдағы азаматтардың алаңда да айтылып жүрген, әлеуметтік желіде айтылып жүрген өткір мәселелерінің бәрі осы мәжіліс мінберінен депутаттар көтеріп жатыр – деді ол.

Ол осы мәселеге қатысты бірқатар мысал келтірді.

Кеше ғана без қоғамдық бақылау туралы заң қабылдадық. Сол заңның ішінде біз әр өңірді аралап жүрген кезде халықтың, әсіресе ата-аналардың көтерген мәселесі әскерге балаларымызды жіберуге қатты алаңдаймыз. Аман келе ма, аман келмей ма соған уайымдаймыз деген сияқты талап-тілектерін айтқан болатын. Ал біз қоғамдық бақылау туралы жобасына әрбір әскери бөлімшелерде ата-аналары мен қоғамдық ұйымдар бақылау жасай алады деген өзгеріс енгіздік. Олардың тұрмысын, жағдайын, қалай тамақтанып жатыр, психологиялық морольдық жағдайын, осының бәрін қарауға, осының барлығына көз жеткізіп, осының бәрін бақылауға мүмкіндік беріліп отыр, біріншіден. Екіншіден, экологиялық мәселелерді бұрын тек ғана құзыретті органдар бақылайтын. Бүігінгі күнде көптеген жабық жағдайдағы кәсіпорындар басқаларға қоғамдық бақылау жасауға мүмкіндік беріліп отыр. Бұрын қоғамдық бақылау тек ғана мемлекеттік оргондарға ғана қатысты болатын болса, бүгінгі күнде квази мемлекеттік оргондарға да қоғамдық бақылау жасауға, қоғамдық ұйымдардың, азаматтардың мүмкіндігі бар. Біз заңмен осы мәселелерді қазір реттеп, шешіп бердік – деді министр.

Ол бұл заң жобасы шетелге шығарылған активтер шетелге шығарған мүлік немесе қаржы соларды елге қайтару жолында құзыретті оргондарға үлкен мүмкіндіктерге жол ашылатынын айтты.

Осы мәселемен айналысуға комиссия құрылады. Ол комиссияға депутаттармен қатар қоғамдық ұйымдардың өкілдері де қатыса алатын болады. Бұл шынында біздегі осы мәселені шешу үшін өте тиімді және өте батыл шешім. Сондай-ақ депутаттық сауалдарды алатын болсақ, депутаттық сауалдар әрбір мәжілістің отырысында өздеріңіз көріп отсыздар, әр фракция, олардың өз саяси көзқарастары, пікірлері бар, сайлаушыларға берген уәделері бар, міне соның барлығын өздерінің сауалдарында депутаттар көтереді. Тіпті мынау жаңағы ауылдық жерлердегі өңірлерде, бос жүрген иттердің проблемасынан бастап бүігінгі күнде мұнай, газ саласындағы, бизнес саласындағы немесе жаңағы ауылдағы біздің ағайынның жағдайы, көп балалы аналардың мәселелері бар, мүгедектігі бар азаматтардың мәселелері бар, көтеріп жүрген. Осының барлығы біздің депутаттық сауалдарда көтеріліп жатыр. Мысалы Ринат Заитовты өздеріңіз білесіздер, ол өте маңызды сауал жолдады. Біздің мәдениет саласындағы әсіресе өңірлердегі, ауылды жердегі, мәдениет саласындағы кітапханашыларымыз жұмыс істеп жүрген немесе музейде жұмыс істеп жүрген жұмыскерлеріміз, яғни біздің мәдениет саласындағы қызметкерлеріміз 60-70 мың ғана жалақы алады. Солардың еңбек ақысын көтеру жөніндегі мәселелерді көтерді. Міне бұл да шешімін табуы керек мәселе деп ойлаймын. Себебі бүгінгі күнде үкімет және біздің депутаттар осы мәселемен айналысып жатырмыз. Біздің жаңағы азаматтардың еңбекақысын көтеру туралы мәселе таяу арада шешімін табады деп мен ойлаймын, – деді Ішкі істер министрі.

Arasha.kz

ФОТО: astana-akshamy.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.