Заңның үстемдігі мен құқықтардың теңдігіне негізделген мемлекеттің құқықтық мемлекет ретінде көрінуі – ежелгі дәуірден және Рим құқығының қалыптасу кезеңінен басталады. Жалпы, құқықтық мемлекеттің негізгі принциптері XVII-XVIII ғасырларда Дж.Локка, Ш.Монтескье, Т.Джефферсон секілді либерализм теоретиктерінің еңбектерінде тұжырымдалған. Ал «құқықтық мемлекет» терминінің сөзі алғаш рет Т.К.Велкер, Р.Фон моль және т. б. неміс заңгерлерінің еңбектерінде жазылған.
Құқықтық мемлекет теориясының негізінде азаматтарды билік тарапынан диктатторлық пен озбырлықтан қорғауға, бостандықпен және жеке тұлғаның негізгі құқықтарын қамтамассыз етуге деген ұмтылыс жатыр. Ал бұл дегеніміз – біріншіден, мемлекет пен қоғамның бөлінуі жағдайында, екіншіден, мемлекеттің қызмет саласын заңмен, ең алдымен Конституциямен, әсіресе халық пен билік арасындағы қатынастарды реттейтін негізгі заңмен шектесе ғана істеледі. Осылайша, құқықтық мемлекет – бұл құқыққа басымдық беріп, заңның үстемдігі қамтамасыз етілетін, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығы танылатын және кепілдендірілетін демократиялық мемлекет.
Құқықтық мемлекеттің жалпыға бірдей танылған қағидаттары: халықтың егемендігі, Конституцияның үстемдігі, барлығының заң алдындағы теңдігі, мемлекеттік және жеке мүдделердің теңдігі, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығының мызғымастығы. Құқықтық мемлекеттегі жоғары билік органдарының қызметі негізінен заң шығарушы, атқарушы және сот болып бөлу қағидатымен жүзеге асырылады.
Қазір құқықтық мемлекет – идеал, ұран, конституциялық принцип ретінде әрекет етеді. Сондықтан кез келген мемлекетте құқықтық мемлекеттің принциптері түгелімен орындалады деп толық сеніммен айтуға болмайды. Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы оның негізгі принциптеріннің іске асыруы ретінде қарастырылуы керек.
Азаматтық қоғам туралы қазіргі түсінік жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген. Оның негізгі сипаттамалары: өзіндік әртүрлілігі мен теңдік формалары, еңбек және кәсіпкерлік еркіндігі, идеологиялық әртүрлілік пен ақпарат бостандығы, адам мен азаматтың құқықтары. Азаматтық қоғамның саяси негізі – адамның бостандығы, әл-ауқаты және қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құқықтық мемлекет. Ал жеке бастың экономикалық және әлеуметтік бостандығы азаматтық қоғамның маңызды белгісі болып табылады. Еркіндік тек жеке тұлғаның өзінен алшақтамай, тек құқылы субъект ретінде әрекет етсе ғана болады.
Мысалы, 1980 жылдар мен 1990 жылдардың басында экономикалық, әлеуметтік және саяси салалардағы түбегейлі реформалар әртүрлі әлеуметтік топтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қоғамдық бірлестіктер құруына түрткі болды. Сол кезде Қазақстанда алғашқылардың бірі болып экономиканың мемлекеттік емес секторы қызметкерлерінің мүдделерін білдіретін тәуелсіз кәсіподақтар пайда болды. Ал 1990 жылдың соңында азаматтық қоғам институттарының қызметі кәсібилене түсті. Соның арқасында әртүрлі қоғамдық мәселелер, олардың қажеттіліктері, оны шешу жөніндегі жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.
2005 жылы екінші Азаматтық форум өтті. Ол жерде бизнес қауымдастықтарды елдің қоғамдық өміріне қатысуына ықпал етті. Орталық және жергілікті деңгейде «билік – қоғам» деген серіктестігі бойынша ұзақмерзімді тұрақты тетіктерін және түрлі диалог алаңын құруда жұмыс белсенді жүре бастады. Сөйтіп, 2006 жылы Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы ел халқына Жолдауында белгіленген демократиялық реформалардың жалпыұлттық бағдарламасына және Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясына сәйкес әзірленді. Міне, осы құжаттың негізінде азаматтық қоғам институттарын дамытудың бағыттары мен азаматтық бастамаларды бастауға жол ашты. Бұл тұжырымдаманың мақсаты – азаматтық қоғам институттарын жан-жақты дамыту және олардың адам құқықтары мен адами өлшем саласындағы халықаралық шарт шеңберінде халықаралық-құқықтық құралдарға сәйкес мемлекетпен және бизнес-сектормен тең құқылы әріптестігі үшін заңнамалық, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастырушылық-әдістемелік базаны одан әрі жетілдіру.
Сөйтіп, азаматтық қоғам институттарының жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған нысаналы бағдарламаларды, заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге негіз еді. Қазір Қазақстанда барлық әлеуметтік маңызы бар салаларда жұмысты жүзеге асыратын 5 мыңға жуық үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. ҮЕҰ өз қызметімен іс жүзінде барлық қоғамдық маңызы бар салаларды қамтиды. Бұл экология, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, гендерлік қатынастар, адам құқықтарын қорғау және т.б. мәселелер. Барлық облыстардың әкімдерінің жанынан билік пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылы жөніндегі кеңестер, орталық атқарушы органдардың жанынан ҮЕҰ қатысатын консультативтік кеңесші органдар құрылып, жұмыс істеп жатыр. Осылайша, азаматтық қоғамның қалыптасуы мен елдегі демократияның дамуы тығыз байланыста. Азаматтық қоғам неғұрлым дамыған болса, мемлекет соғұрлым демократиялық болады. Сондықтан Қазақстанның өмір сапасының жоғары стандарттары бар серпінді, қазіргі заманғы мемлекет ретінде дамуы адами әлеуетті жандандыру, азаматтардың іскерлігі және азаматтық қоғамның одан әрі қалыптасуы негізінде ғана мүмкін болады.
Л. Матвеенкова,
Қарағанды мемлекеттік техникалық
университетінің профессоры
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
24.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024