13-06-23 |
1200 рет қаралған
Ақтөбеде қайғылы оқиғаға байланысты қоғамдық резонанс туды.
Ақтөбеде қайғылы оқиғаға байланысты қоғамдық резонанс туды

Ақтөбеде бойжеткен қаза тапты. Марқұмның туыстары қыз кісі қолынан қаза тапты деп күдіктенсе, полиция өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу бабы бойынша іс қозғады.

Ақтөбедегі әлеуметтік желіде 19 жастағы қыздың өлімі туралы ақпарат пайда болды. Қарама-қайшы қауесеттер мен пайымдар айтылып, аталған қайғылы оқиға қоғамда резонанс тудырды.

Іnstagram-дағы Aktobe_afishi аккаунтында қаза тапқан қыздың туыстары мен жақындарының сөздері келтірілген. Олар қызды зорлап, одан кейін өлтірген деп сезіктенеді.

Тағы бір пайымға сәйкес, қыздың өзі 7-қабаттың терезесінен секіріп кеткен көрінеді.

Ақтөбе облысының полиция департаменті аталған қайғылы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Аталған факті бойынша Ақтөбе қаласы ПБ № 1 қалалық полиция бөлімі ҚР ҚК 105-бабы бойынша қылмыстық іс тіркеді, яғни өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу. Іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істі тергеу аясында өзге ақпараттар жария етуге жатпайды», – делінген Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Тергеу барысы ПД басшылығының жеке бақылауына алынғаны да нақтыланады.

Бұған дейін Талдықорғанда білім бөлімінің бұрынғы басшысының денесі табылғаны хабарланған болатын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.