23-06-23 |
4660 рет қаралған
Beu fest Алматыға қайта оралды.
Beu fest Алматыға қайта оралды

Алматы қаласы жылдың ең үлкен музыкалық оқиғаларының бірі «beu fest» оралуын асыға күтеді.

Жыл сайынғы дәстүрге айналған фестиваль Қазақстан тұрғындары мен қонақтарының назарын аударады. «Beu fest» өз аудиториясының үмітінен асып, ұмытылмас әсер қалдыруға уәде береді. Биылғы жылы ұйымдастырушылар Amalyat, Dakelot, Dosekesh, Kilemger, Merey және тағы басқа әр түрлі жанрларда ән айтатын жас орындаушыларды қолдауға шешім қабылдады. Бұл Beu радиосының тұжырымдамасына басынан бастап енгізілген болатын. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальдің және радионың идеясы бір – қазақтілді аудитория үшін сұранысқа ие жүз пайыз отандық медиа өнім.

Музыкадағы қалауларыңызға қарамастан, beu fest жанрлар мен орындаушылардың кең ауқымын тамашалауды ұсынады. Бір сахнаға танымал жұлдыздар мен заманауи қазақстандық музыканың жас таланттары жиналады. Фестиваль қатысушыларының арасында Ninety One, Мирас Жугунусов, Dequine, Akha, Қазыбек Құрайыш, Sadraddin, Кенжебек, Ayree, ALPHA, Ayafunk, Ayau, Rusha, Taspay, Mona Songz, Orynkhan, Duman Marat, ONTOĞYZONEKI сияқты әртістер, сондай-ақ біздің фестиваліміздің арнайы қонағы Кореядан келген Song Won Sub болады.

Фестивальді ұйымдастырушылар энергия мен ғажайып музыкаға толы ерекше атмосфераны қалыптастыруға уәде береді. «Beu fest» музыка әуесқойлары мен ойын-сауық әуесқойларын біріктіретін ұмытылмас мереке болады.

Beu fest-ке қосылып, Қазақстанның музыкалық мәдениетінің жаңа қырларын ашыңыз!

Arasha.kz

ФОТО: tv7.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.