Желіде аттестатын қоқыс жәшігіне лақтырған түлектердің видеосы тарады. Бұл оқушылардың менмендігі ме әлде тәрбиесіздігі ме?
Өзінің 11 жыл өмірін жоққа шығарғандай бір бітіруші аттестатын ала салып лақтырса, тағы бір топ оқушы орта білім алғанын растайтын құжатты қоқыс жәшігіне тастап жатыр. Ал бір оқушы аттестатын теуіп ойнап отырса, келесісі аттестатын тура мағынасында «жуып» жатыр.
Оқушылардың оспадарсыздығына Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы Мереке Амангелдіқызы пікір білдірді.
Қазір бұл видеодағы түлектерді анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осындай деректердің алдын алу мақсатында білім бөлімдеріне оқушылармен, түлектермен және ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөнінде ұсыныстар берілді. Тағы бір ескертетін жәйт, орта мектепті бітіргеннен кейін түлек – іс-әрекетіне өзі жауап беретін жеке тұлға, – деді ол.
Желі қолданушылары мұндай оқушыларды сынап, түрлі пікір қалдырған.
Мұндай оқушыларды мектептен қуып, еш жерге оқытпай, ата-анасына қатаң ескерту жасау керек! Мектеп басшысы мен сынып жетекшілеріне сабақ болатындай шара қолдансын. Елдің ертеңі деген жас ұрпақ өзінің ұстазын, мектеп пен тілін сыйламаса, ұлттың болашағы бола алмайды! Көзі көрген, ата-анадан тәрбие алған, дені дұрыс бала бұлай жасамас еді!
Міндетті түрде айыппұл салынып, ата-аналарын жазаға тарту керек. Бәрі де тәрбиеге келіп тіреледі. Кешірім сұрап, өтірік көз жас төгу керек емес.
Мынау, ата-ана қаны мен болмысынан берілген долбае✓тық. Екіншіден, жалпы орта білім саласы қызметкерлерінің оқушы алдында авторитеті жоқтығын дәлелдейтін, қауқарсыздығын көрсететін істер. Қыны бұзық, тәрбиеге қанбаған дәл осындай жастардан болашақта қоғамға да пайда жоқ – деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.
Видеоларды байқап отырып, соңғы пікірмен келіспеске амал жоқ. Себебі оқушы – қазіргі қоғамның, әсіресе мектепте берілетін білімнің айнасы. Демек мектептегі білім жүйесінің шатқаяұқтап тұрғанын осыдан-ақ бағамдауға болады.
Arasha.kz
ФОТО: Скрин
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024