29-06-23 |
2500 рет қаралған
Назарбаев отбасы заң алдында жауап беруі мүмкін.
Назарбаев отбасы заң алдында жауап беруі мүмкін

Жаңа заң күшіне енген соң Назарбаев әулетінің шетелге заңсыз шығарылған активтерінің «тағдыры» шешілуі мүмкін.


Журналистер бүгін Сенат қабылдаған Заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы заң бойынша Назарбаев отбасының мүшелері де қудалануы мүмкін бе деп сұраған.

Бас прокурордың орынбасары Ұлан Байжанов бұл сұраққа нақты «иә» немесе «жоқ» деп жауап бермеді.

Қазір персоналды тұрғыда бірдеңе дегім келмейді. Тағы да айтайын: заңда субъекттердің нақты талаптары айқындалған. Егер сіздер атаған осы фамилия (Назарбаев), сол отбасының мүшелері сол талаптарға кірсе, сөзсіз оларға да заң қолданылады, – дейді Байжанов.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін елдегі Назарбаев есімімен аталатын білім ордаларынан экс-президенттік есімі алынып тасталатыны туралы хабарлаған болатынбыз.

Arasha.kz

ФОТО: abai.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.