11-07-23 |
1170 рет қаралған
Тоқаев Жеңіс Қасымбекке бір жыл уақыт берді.
Тоқаев Жеңіс Қасымбекке бір жыл уақыт берді

Астананы дамыту туралы кеңес өткізген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әкімі Жеңіс Қасымбекке қаланың ахуалын жақсы жағына қарай өзгерту үшін бір жыл уақыт беретінін айтты.

Ең алдымен, бүгін айтылған міндеттерді дер кезінде әрі сапалы орындау керек. Астана бас қала деген атауға лайық болуға тиіс. Астана көркейсе, бүкіл еліміздің еңсесі биік болады. Астана Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі өзгерістерге ұйытқы болуы керек. Жалпы, қаланың күнделікті тыныс-тіршілігі ұдайы назарда болуға тиіс – деді Мемлекет басшысы.

Ол кеңес барысында қаланы дамыту бойынша берілген тапсырмаларды орындау үшін Жеңіс Қасымбекке бір жыл уақыт берді.

Әкімге қаланың ахуалын жақсы жағына қарай өзгерту үшін бір жыл уақыт беремін. Сіздің жұмысыңыз менің бақылауымда болады. Барлық қажетті көмекті көрсетеміз. Бірақ жұмыстың негізгі өзегі – сіздің қолыңызда. Табыс тілеймін – деді Президент сөз соңында.

Arasha.kz

ФОТО: Ақорда

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.